К.Дөненбаеваға қандай көше берілмек? (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Күні кеше ғана қалалық мәслихат депутаттары Қостанайдағы Авиационная көшесіне Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның есімін беру мәселесін көтерген болатын. Тұрғындар да бұл ұсынсты қолдады. Бірақ сол жиналыста кейбір азаматтар "бұл көше тым тар әрі қысқа, атақты механизатор атына сай емес" деген теріс пікір айтқан еді. Осы айтылған уәжге жиналғандардың басым көпшілігі өз қарсылықтарын білдіріп, бұл көше болашақта қаланың ең әсем жеріне айналатынын алға тартты. Өйткені, қаладағы құрылыс көлемі нақ осы ауданда қарқын алған.
Соған дәлел ретінде әрі алыстағы оқырманға түсінікті бослын деп, аталған көшенің және осы маңда бой көтеретін "Юбилейный" мен "Береке" аудандарының суреттерін жариялауды жөн көрдік.
Облыс орталығының алдағы жылдарға арналған бас жоспарынан алынған суреттер
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ