Тариф жобасы талқыланады
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 8 ақпан күні сағат 11:00-де Сарыкөл ауданы, Озерная көшесі, 56 ғимарат, құрылыс мекенжайында магистральдық құбырлар мен тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтеріне арналған «Ұлан-C» ЖШС-нің тарифінің жобасын талқылау туралы жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау сондай-ақ «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимінде және Қостанай департаментінің РЕМ Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 53-56-58, 54-28-76.