Боран салдарынан жолдар жабылды

23 желтоқсанда сағат 11:40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран) республикалық маңызы бар "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының (106-232 шақырым) Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы толықтай жабылды.
Сондай-ақ, сағат 12:00-де облыстық маңызы бар "Рудный-Қашар-Федоров" (82,7 км), "Жітіқара-Қамысты-Ливанов (0-73 км) тас жолдарында да көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓