Баянды болашақ бастауы

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында 2015-Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» флеш-мобымен басталды. ҰОС-ның ардагері Михаил Подоляков және полицияның аға сержанты Ерлан Дүзенов Қазақстан халқы Ассамблеясының туын көтерді.  
IMG_6114смиТыныштық, тұрақтылық, түсіністік Тәуелсіздігіміздің тірегі іспеттес. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген халқымыз ауызбіршілікті ерекші бағалайды. Әлемдегі дамыған елу жылдың алдына шығуымыз да этносаралық келісім мен бейбітшіліктің жемісі болар. Ата-бабамыз бірлігі күшті елдің озарын ежелден білді емес пе! Алдыңғы буынның аманатын арқалап, халықты баянды болашаққа бастау үшін Елбасы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ас­самблеясын құру туралы Жар­лық­қа қолды. Ассамблея-қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға арналған қоғамдық институт.
IMG_6106сми-Еліміздің барлық облыстарында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мерекеленуде. Жиырма жылдың ішінде ҚХА этносаралық келісімнің озық үлгісіне айналды,-деген облыс әкімі Нұралы Садуақасов жиналған көпшілікке Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
IMG_6098смиЫқылым заманнан жеткен Асан Қайғы туралы аңыз көпшіліктің есінде болар. Желмаяға мініп, жиһан кезген жыраудың мақсаты “Жерұйық” дейтін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоныс табу еді. Жыраудың іздеген Жерұйығы деп қазіргі қазақ даласының әр қуысын айтуға болатындай. Жұдырық болып жұмылған біртұтас мекен-Мәңгілік еліміз бейбітшіліктің жерұйығы емес пе!
IMG_6166смиIMG_6271смиIMG_6283смиIMG_6289сми
IMG_6291сми
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓