Ашық диалог

Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова жас педагогтармен кездесті. Облыстың қалалары мен аудандарынан келген барлық мамандықтың 40 жас мұғалім өз тәжірибесімен бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. Мұғалімдердің арасында маңызды мәселелерді ашық диалогта көтерген белсенді және жарқын тұлғалардың көп болғаны қуантады дейді өңірдің бас педагогы.
– «Болашақ» бағдарламасы туралы әңгімесі үшін Диана Момбаева мен дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен бөліскен Дарын Сейдуали ерекше алғысымды білдіремін, – деді Зәуре Байменова.
Жас педагогтар біздің ұлы жерлестеріміз, Қазақстан педагогикасының негізін салушы Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл кездесу мұғалімдердің одан әрі жұмыс істеуіне қызығушылығын арттырады және жаңа перспективалар ашады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓