Жоғалған бақташы өлі күйінде табылды
Қостанай облысында құтқарушылар үсіп қалған ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстік өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағына сілтеме жасап. Бақташы 31 желтоқсан күні жоғалған. «Ақпарат түсісімен, бақташыны іздестіру жұмыстары басталды. 250 шаршы шақырымнан астам аумақ тексерілді. Жарты күннен кейін өзен сайларының бірінен оның аты табылды. Жануардың жүгені қарға қатып қалған», – деп хабарлады жасақтан. Аттан 100 метр жердегі бұталардың арасында, қардың астынан ер адамның мәйіті табылды.
Жыл айрығы құтқарушылар үшін ауыр болды. Қостанай облысында мамандар жол үстінде қиындықтарға тап болған ондаған адамды құтқарды. Солтүстік өңірлік аэромобильді шұғыл құтқару жасағының кезекші бөлімі Ударник кенті маңында ішінде ересектер мен балалар болған көлікті құтқарды. Барлығы – 10 адам, бәрі дін-аман. Сондай-ақ, 3 қаңтарға қараған түні ТРЭКОЛ автокөлігімен Ушаков кентінен Әулиекөл ауданы орталығына шұғыл түрде медициналық көмекті қажет еткен жүкті әйел жеткізілген болатын.