Жаңа оқулықтар нұсқасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталыққа сілтеме жасап.
«ҚР БҒМ «Оқулық» РҒП орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды», делінген таратылған ақпаратта.
«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтар сапасы бойынша ата-аналар мен педагогтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.
Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.