Ұстаз бен шәкірт жеңісі

Алматы қаласында өткен «Мәңгі ел – Қазақстаным» конференциясы және «Бала өмірдің – гүлі» өнер фестиваліне қатысқан жерлестеріміз олжалы оралды.dav  Атап айтқанда, А.Құнанбаев атындағы №6 мектептің ұстазы Шынар Бекқожина педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі ұзақ жылғы еңбегі үшін «100 есім – Ұстаз Даңқы» төсбелгісімен, шәкірті Айнэла Қасымханова «100 есім – Дарынды оқушы» төсалқасымен марапатталды.
 Жоғары деңгейлі іс-шаралар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және халықаралық "Бейбітшілік әлемі" қазақ творчестволық бірлестігі, Ұстаздар одағының 10 жылдығы аясында ұйымдастырылған.
"Қай заманда да ұлттық өнердің, халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты – білім беру. Ұлттық мәдениет болмаса, ұлт сақталмайды, ал мектеп – ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де өмір сүруі мен дамуының негізі. Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап, дамыта оқытудың бірден-бір жолы – үйірме жұмыстары. Өзім сабақ беретін сыныптағы киелі өнерге қабілеті бар қыз балаларды тартып, «Сән» үйірмесін аштым. Үйірме жұмысында дұрыс бағыт-бағдар беру үшін жылдар бойы жасаған іс-тәжірибемді пайдалана отырып, «Сән әлемінде» авторлық бағдарлама құрдым. Бағдарлама оқушылардың технология пәнінде алған білімдерін үйірме сабақтарында қолдана отырып, қолөнерді жастардың бойына дарытып, ұлттық көркем мәдениеттің үлгілерін заман талаптарына сай жаңартуға бағытталған. Әрбір тараудың теориялық материалы сараптамалық жұмыспен жалғасып отырады. Көзімен көріп, қолымен жасаған бұйым оқушыны талпындырып, өнерге деген қызығушылығын оятады. Қызығушылық бар жерде білім оңай игеріледі. Шәкіртім Айнэланың биіктерден көрінуінің сыры осында", – дейді ұлағатты ұстаз Шынар Тойшанқызы.
 
Мұрат Жүнісұлы
                                                                                          Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓