Өнерпаздар жоғары бағаланды
Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде өңірлік өнерпаздардың қорытынды сайысы өтті. Ауқымды шара – Астананың 20 жылдығына арналды.

Айталық, киелі сахна шымылдығы қазақтың ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен, өңірдің белгілі әншісі Есен Шәкібайдың орындаған «Қазақ Елі» әнімен ашылды. Әрімен қарай «Ауылдағы той» атты сахналық қойылыммен астасып, қазақтың бай дастарханы, бесік тербеткен ана бейнесі, асықтарын алшысынан иірген балақайлардың ойыны және қазақ күресі көрсетіліп, шашу шашылды. Әсіресе, осы бір сәтті шыққан көрініс көз алдымызға кәдімгі қазақ ауылына саяхат жасағандай әсер алып келді. Себебі, көңілі көтерілген көрермендер қайта-қайта қол соғып, ризашылықтарын білдіріп жатты.


Қорыта айтқанда, облыстан арнайы келген әділ қазылардың бағасы бойынша, барлық нөмірде 23-25 ұпайдан кем алған жоқ.

Мінекей, осыған қарап-ақ, Сарыкөл жерінде дарынды, шыңдалған шебер өнерпаздардың қатары жыл сайын көбейіп келе жатыр деуге болады.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.