Акция АИВ-ға қарсы

Бүгін ЖИТБ-мен күрес және алдын алу бойынша облыстық орталығы қаладағы емханалармен бірлесіп, "Өзіңнің АИВ-ахуалыңды біл" атты акция бастады. Шара MART, "Отау Сауда", ОӘД және "Астықжан" сауда орталықтарында өтуде. Бұл туралы "Наша газета" тілшісі хабарлайды.Вич
Сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін кез келген ниет білдірушілер АИВ-ға қарсы жедел тестілеуден өте алады. Яғни, артериалды және көз іші қысымын өлшеп, қан құрамындағы қант мөлшері мен холестерин деңгейін білуге, сондай-ақ бойды, салмақ пен бел көлемін өлшеуге болады.
Айта кетейік, қабылдау ОӘД-де сағат 11.00-13.00-де, "Астықжанда" 13.00-14.00-де, орталық базардағы "Отау Сауда" ғимаратында 14.00-16.00-де жүргізіледі.
"Біз мұндай акцияларды жиі ұйымдастырамыз. Бұған дейін теміржол вокзалында және орталық базарда өткізген едік, – дейді №1 емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі Марат Күзембаев. – Біздің дәрігерлер бүгін MART СОСО-да жұмыс істейді: әмбебап дәрігер және екі медбике. Қызметкерлеріміз тестілеу жүргізген соң қалалықтарға кез келген мәселелері бойынша кеңес береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓