«Торғай Геоглифтері” халықтық жобасы қолға алынды
Қазақстандық зерттеуші, Торғай геоглифтерін ашқан ғалым Дмитрий Дей әлемде баламасы жоқ құпия нысандарға экспедиция ұйымдастыруға қажетті қаражат жинау мақсатында халықтық жобаның басталғандығын жария етті.
Краудфандингке қатысты толық ақпарат «Торғай Геоглифтері халықтық жобасының» сайтында орналасқан. Бұл туралы "Қазақпаратта" жарияланды.
Жарты жылдан кейін, 2017 жылдың наурызында Торғай геоглифтерінің табылғанына 10 жыл толады. Айта кетейік, жер бетінде үлкен фигуралардың – сақина, крест, свастика, пирамида тектес Торғай геоглифтері 1,5-8 мың жыл бұрын салынған және әлем бойынша мұндай геоглифтер тек Қазақстан аумағынан табылып отыр.
Осы жылдар ішінде Дмитрий Дей Торғай нысандарының мақсаты теориясына енетін көптеген материалдар жинақтады, сайт ашылған және әлемдік деңгейдегі жетекші ғылыми және білім беру институттарымен байланыс орнатылған. Торғай геоглифтері туралы Д.Дейдің дәрістері Питтсбург Университетінің (АҚШ), Ескендір кітапханасының (Мысыр) ресми сайтында жарияланған, Торғай ойпатын ғарыштан фотосуретке түсіру жұмыстарына ХҒС, НАСА мен Қазғарыш тартылды.
ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұаралар тізіміне енгізілуге лайық Торғай нысандарын әлемге таныту бойынша қыруар жұмыстар жекелеген демеушілердің есебінен жүргізілуде. Сонымен қатар бұл іске Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі қолдау көрсетеді. 2010 жылы «ҚазАқпарат» агенттігі және «Қазақстан телеарнасы Торғай геоглифтеріне жасалған ақпараттық турға қатысты, содан бері «ҚазАқпарат» Торғай геоглифтерін зерттеу ісінің ақпараттық әріптесі болып табылады.
Түркияда өткен Археологтардың еуропалық қауымдастығының форумында торғайлық нысандар 2014 жылдың басты сенсациясы деп танылды. Ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша америкалық блогерлердің таңдауымен Торғай геоглифтері жылдың топ-10 жаңалықтарының қатарына енді. 2016 жылдың жазында Qatar Day шешілмеген құпия нысандардың тізімін жасады, олардың қатарында Торғай геоглифтері де бар.
Өкінішке орай, зерттеу жұмыстары мемлекеттік қаржыландыруға ілікпей отыр, сондықтан Д.Дей халықтан қолдау көрсетуін сұрауда.
Төменде Д. Дейдің үндеуін ұсынамыз.
«Құрметті достар! Ең алғаш рет 2007 жылдың наурыз айында Қостанай облысында Торғай ойпатының геоглифтері атауына ие болған құпия нысандардың табылғанына тоғыз жарым жыл өтті. 2007 жылдың тамызында Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы археологиялық зертханамен бірге, Үштоғай геоглифтеріне археологиялық жұмыстар ұйымдастырылды.
Торғай даласында құпия сызбаларды кім, қашан және не үшін салды деген сұрақтарға жауап табылмағандықтан, осы сауалдарға жауапты қайтсем де табам деген мақсат қойып, бұл жобаға бар ғұмырымды арнауға бел будым. 2008 жылы осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында Turgay Discovery атты ғылыми-зерттеу жобасы құрылды. Біз қаражат пен қажетті жабдықтарды іздестіріп, Торғай ойпатындағы геоглифтерге алғашқы экспедициялар ұйымдастырдық, нысанның өзін және оған жапсарлас жатқан аудандарды да зерттедік. Зерттеу барысында Торғай геоглифтеріне қатысты жарияланған ғылым еңбектер мен материалдарды талдап шықтық. Соңғы 50 мың жыл ішінде мұнда климаттың, флора мен фаунаның қалай қалыптасқандығы, геологиялық өзгерістер қалай орнағандығы туралы материалдар жинақталды.
Торғай ойпатының өзгеруіне алып келген түрлі табиғи апаттар жайында мәліметтер зерттелді. 20012 жылы жинақталған мәліметтердің негізінде геоглифтердің шығу тарихы туралы негізгі болжамдар пайда болды.
Өкінішке орай, үкімет тарапынан, бизнес қауымдастық тарапынан Торғай геоглифтеріне тиісті түрде қызығушылық пен көңіл қазіргі уақытқа дейін бөлінбей келеді. Қажетті қаржылық қолдау болмаған соң, аталмыш нысандардың айналасында зерттеу жұмыстары өте баяу жүруде. 2015 жылдың көктемінде тіпті сорақы жағдай орын алды. Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Амантоғай ауылынан Торғайға бет алатын жолды қайта салу барысында барша адамзаттың мәдени мұрасына жатқызуға әбден лайық археологиялық нысанның жойылуына әкеп соқты. Ол «Қоғай кресті» деген атпен танымал крест іспеттес геоглиф болатын.
2015 жылдың тамыз айында өте маңызды оқиға болды. Мен Питтсбург Университетінің профессоры Ronald E. LaPorte хабарласты.
Рональд Торғай геолглифтері туралы білуге үлкен қызығушылықпен кірісіп кетті. Өзінің әріптестерімен бірге ол Торғай геоглифтері туралы жаңалықты халықаралық қауымдастық арасында керемет таныта білді. Ronald атақты The New York Times басылымының кәсіби тілшісі Ralph Blumenthal деген азаматты тартты. Ralph мақаланы бір ай бойы дайындады, Торғай геоглифтеріне қатысы бар көп адамнан сұхбат алды, соның нәтижесінде The New York Times басылымына 30.10.2015 күні біздің нысандар туралы көлемді мақала шықты.
Рональд аталмыш нысандарды түсіру үшін NASA агенттігін тартты, соның негізінде Торғай ойпаты геоглифтерінің жаңа фотосуреттері жасалды. New York Times мақаласының арқасында халықаралық қауымдастықтың назары ауды. Басқа да халықаралық басылымдар мақаланы өздерінде басып шығарды, ақпараттық сюжеттер жасалды, бұл материалдар жаңа дискуссиялар мен пікірлерге тамызық болды.
2016 жылдың мамырында, Fuji Television атты жапон телевизиясы 7 миллион көрермені бар «Mystery All the world» (Әлемнің құпиялары) танымал бағдарлама үшін Торғай геоглифтері туралы бейнесюжет жасады. Бағдарлама жапон телеранасында 22 маусымда шықты және жергілікті халықтың арасында қызу талқыға салынды. Торғай геоглифтеріне деген халықаралық қауымдастығның қызығушылығы ол жерде жаңа зерттеулер жүргізу қажеттігін көрсетті. Мен геоглифтерді зерттеу ісінің мәртебесін жекеден халықтық деңгейге өткізу қажет деп таптым және оны «Торғай Геоглифтері халықтық жобасы» деп атадым.
Turgay Discovery ғылыми-зерттеу жобасы халықтық жобаның құрылымына енеді. Кез келген адам үлкен зерттеуші команданың қатысушысы атана алады. Талқылауларға қатысып, өз гипотезаларын ұсынуға болады, өз гипотезаларын ұсынған жұмыс топтарына қосылуға мүмкіндік бар.
Жобаға тіркелген әрбір қатысушыға көп жылдардан бері жинақталған барлық ғылыми материалдар беріледі, соның ішінде Turgay Discovery жобасының баасында сақтаулы тұрған нысандардың нақты координаттары да ұсынылады.
Белгілі бір гипотезалардың рейтингтері мен сауалнамалары нәтижелері бойынша, далалық зерттеулердің жоспары жасалады. Мұнда ең бастысы, біз барлығымыз бірге ең негізгі үш сұраққа жауап іздейміз: Торғай опатының алып геоглифтерін кім, қашан және үшін жасады.
Осы мақсатта қаражат пен тіркеу жарналарын жинау басталғандығын жария етеміз. «Торғай Геоглифтері халықтық жобасының» қатысушысы атаныңыздар, Сіздердің есімдеріңіз Торғай ойпаты геоглифтері құпияларын ашқан азаматтардың қатарына енеді.
Біздің ортақ жұмысымыздың алғашқы қадамы Торғай геоглифтеріне жасалатын соңғы экспедицияны жабдықтау болмақ. Экспедиция мақсаты – «Торғай Геоглифтері халықтық жобасының» қатысушылары үшін толық материалдар жинау мақсатында фото және бейнетүсірілім жасау, соның ішінде квадрокоптер арқылы.
Экспедицияға қатысу үшін Қазақстанға АҚШ-тың танымалдылығы жағынан екінші болып саналатын Newsweek журналының тілшісі Nina Burleigh келетін болды.
Біз жаңа жоба және Сіздердің қатысып жатқандарыңызды барша әлемге жариялаймыз!».