Қос көше атауы өзгеруі мүмкін

Мұндай ұсыныс бастамашыл азаматтар тобының тарапынан болып отыр. Олардың пікірінше Қостанай қаласындағы екі көшенің атын ауыстыру керек. Анығын айтқанда, Авиационный көшесіне Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева есімін беріп, Қазақ көшесін Әбілсай деп атау ұсынылып отыр. коше
– Қала әкімі Базыл Жақыповқа қостанайлықтардың бастамашыл тобы қоғамдық хат жолдады. Ол хатта даңқты жерлесіміздің есімін қала көшесіне беру және тағы бір көше ныспысын анағұрлым заманауи атаумен алмастыру ұсынылған. Бірақ бұл алдын ала жасалған ұсыныс, қашанда пікір қайшылығы болады. Сондықтан, біз тұрғындарды осы мәселеге қатысты бейжай қалмауға үндейміз. Аса маңызды түйткілге орай өзінің жеке пікірін білдіруге шақырамыз, – дейді Қостанай әкімдігінің мәдениет бөлімінің жетешісі Айсұлу Әубәкірова. 
Аталмыш мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау 26 ақпанда сағат 15.00-де Пушкин көшесі, 98-үй, кіші отырыс залында өтеді. Жиынға өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салғысы келген барлық азаматтар шақырылады. Сондай-ақ, қостанайлықтар көзқарастарын хат түрінде білдіре алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓