Субсидия қаржысын жымқырған

Қостанай облысындағы шаруашылық кооперативінің қызметкері  ірі көлемдегі мемлекеттік субсидия қаржысын жымқырған, деп жазады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.Жемкорлык-1
Қылмыстық іс Жітіқара аудандық сотында қаралды. 1966 жылы туған азамат У. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотталды.
«Облыс тұрғыны У. өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында жалған құжаттар жасаған. Ол «Аграрий К» жеке кәсіпкерлігінің балансына құжат жүзінде асыл тұқымды бұқа және аналық ірі қара мал басын тіркеп, субсидия алған. Мемлекетке келтірген шығыны – 22,9 миллион теңге», -делінген облыстық соттың баспасөз қызметі хабарламасында.
Кооператив қызметкері субсидия ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот үкімімен У. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 7 жылға материалдық жауапты қызметті атқару құқығынан шеттетілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓