Қостанайда астыртын казино табылды
ҚР Қаржы мониторингі жөніндегі агенттіктің аумақтық департаменті Қостанайдағы кафелердің бірінде жұмыс істеп келген жерасты покер клубын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ойын мекемесі ретінде қайта жабдықталған кафеден кәсіби үстел, фишкалар, покер ойнауға арналған карталар және ақша қаражаты табылып, тәркіленді, – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Сот үкімімен астыртын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алынған заттай дәлелдемелер жойылды.