265 дәрігер жетіспейді

Қостанай облысы медицина мамандарына мұқтаж өңірлер қатарында. Бүгіндері ауылдарда әмбебап дәрігерлер жетіспейді, ал қалаларда салалық мамандар тапшы. Былтыр Тобыл-Торғай өңіріне 105 жас маман және 16 тәжірибелі ақ халатты келген. Бірақ бұл мәселені толық шеше алмады.дәрігер
Жергілікті билік қалада жұмыс істеуге келген жас мамандарға 500 мың теңгеден, ауылдық жерлерге ат басын бұрғысы келгендерге 2,5 млн теңгеге дейін көтерме ақы ұсынады. Оның сыртында, олар еңбекақысына қосымша ынталандыру компоненттеріне ие болады. Алайда, барлық осы жағдайларға қарамастан, медицина кадрлерінің жетіспеушілігі әлі сезіледі. Қалалар салалық мамандар қатарын толықтыра алмай отырса, ауылдарға бірінші кезекте терапевттер және әмбебап дәрігерлер қажет. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркін Дәуітбаевтің айтуынша, бұл мәселені біртіндеп шешу шарт.
"Біз жергілікті бюджет есебінен 100 дәрігерді салалық мамандықтар бойынша оқыта аламыз. Одан кейін, олар Қостанай аймағына келіп, бес жыл жұмыс істейді. Біз қазір резиденттерге 80 гран бөлеміз және дәрігер мамандығын таңдаған жастарға тағы 20 грант үлестіріледі. Олардың университеттегі оқуларының ақысын төлейміз", – деді басқарма басшысы. 
Басқарма ақпаратына сүйенсек, былтыр ақ халаттырлар қатары 121 маманмен толыққан. Әлі 265 дәрігер жетіспейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓