“Тобыл” қарсыласынан басым түсті

Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүрген «Тобыл» чехиялық «Тршинец» клубымен жолдастық кездесу өткізді.Screenshot_2018-02-12-02-04-51-1
«Тобылдың» бас бапкері Владимир Никитенко бұл жолы негізгі құрамға клубқа жаңадан қосылған футболшыларды қойды. Бірінші таймда Алматының «Қайратынан» ауысып келген Бауыржан Тұрысбек есеп ашты. Мұнан соң  «Тршинец» шабуылшысы таразы басын теңестірді.
Ойынның екінші бөлігінде алаңға шыққан Жасұлан Молдақараев командасын алға шығарды. Жасұлан қақпашымен бетпе-бет шығып, допты алыс бұрышқа тепті. Сонымен қатар, сынақта жүрген жас футболшы «Тобылдың» үшінші голын соқты. Оның гол соғуына Артурас  Жулпа мүмкіндік жасады.
«Тобыл» клубының баспасөз хатшысы Константин Должанский ҚазАқпаратқа мәлім еткендей, осы кездесуден соң қостанайлықтар Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтайды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓