COVID-19: +61
2 науразда Қостанай облысында коронавирус 61 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 38 тұрғыны, Рудный қ. – 6, Әулиекөл ауданында -5, Меңдіқара және Федоров ауданында 4-ден, Жітіқара ауданында -2, Арқалық қаласында және Ұзынкөл ауданында 1 адамнан індет табылды..
45 адам өздігінен жүгінген кезде, 16 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болды деген күдікпен тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 56 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 2 наурыз аралығында COVID-19-ды 12497 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 11060.