Жемқорлыққа жол жоқ!

IMG_1974Облыстық филармонияда "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті. Облыс әкімі Н.Садуақасовтың төрағалығымен өткен басқосуда "Нұр Отан" партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жобасы талқыланды.
Жемқорлық – жиырма бірінші ғасырдың індеті, ұлт пен ұрпақтың болашағына балта шабар жегі құрт. Жең-ұшынан жалғас- қан сыбайластықты тізгіндеу үшін "Нұр Отан" партиясының XV съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ре-тінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді" тапсырған болатын. Осыған орай еліміздегі көшбасшы партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жаңа жобасы жасалып, ел тұрғындарының назарына ұсынылды. Құжатты қостанайлықтар да талқылап, өз пікірлерін білдірді. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ЖОО-ның ректорлары, ҮЕҰ мен түрлі саяси партиялардың өкілдері қатысты.
С.Жалыбин,
"Нұр Отан" партиясының ҚОФ жанындағы сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық Кеңестің төр-ағасы:
– Жемқорлықпен күресу баршаның және әр азаматтың міндеті, біз өз ұжымымызда бұл жұмысты табысты өткізуге қолайлы жағдайдың бәрін туғызуымыз керек.
"Нұр Отан" партиясы жаңа Бағдарламасының негізгі мән-мазмұны қоғамның кез келген саласында сыбайлас жемқорлықтың нөлдік көрсеткішіне қол жеткізу және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде қоғам болып күресу, халық арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне батыл тойтарыс беру. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-шараларда бастауыш партия ұйымдарының маңызын арттыру көзделген.
Ә.Сапарова, "Нұр Отан" партиясының ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:
– Облысымыздағы ХҚО, кәсіпкерлер палатасы, қаржы полициясы департаменті мен қоғамдық ұйымдарда Бағдарламаның жаңа жобасы талқыланды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде партияның орталық аппаратына 82 ұсыныс жолданды. Аталмыш жобаны көпшілік бір ауыздан қолдап отыр.
А. Демесінов, Лисаков қаласындағы "Алтын Өмір" ЖШС "Нұр Отан" бастауыш партия ұйымының төрағасы:
– Биылғы жылдың 4 тамызында "Алтын Өмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастауыш партия ұйымында партияның Бағдарламасы жанды-жақты тал-қыланды. Жобаны талқылау барысында, сыбайлас жемқорлық мәселесімен күрес жолында нақты шешімді ережелер белгілеуді ұсынамыз.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Суретте: Партиялықтар  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жобасын талқылауда.
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓