Аружанға ота жасалды, бірақ… (БЕЙНЕ)

Германия клиникасында емделіп жатқан 3 жасар Аружанның ата-анасы оның қазіргі жағдайы жайлы бейнебаяндарды әлеуметтік желілерге жариялады. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазады.аружанҚыз баланың анасы Жанат instagram желісі арқылы Аружан ота жасалғаннан кейін өзін қалай сезінетіні туралы хабарлады. 
"13 см сүйегін алып тастады. Ота 2 сағатқа созылды. Енді гистологияны күтеміз. Басынан кешірген шоктан арылуы үшін оған лангет салынған болатын. Аружан – ақылды да өжет қыз. Ол айтқан тілді алады, барынша тырмысады. Мен оған жазылып кеткен соң зообаққа барамыз деп уәде бердім. Дереу оның көңіл-күйі көтерілді, бұл да балаға ынта сыйлайды емес пе. Бізді хирургия бөліміне ауыстырды. Қызым өзін жақсы сезінеді. Ағза тез қалпына келуі үшін үздіксіз ем көрсетілуде. Лангетті және барлық жаратаңғышты шешті және дәрігерлер аяққа ақырындап салмақ салу керектігін айтты. Ал Аружан лангетсіз аяққа тұрудан бас тартып жатыр. Аянады, жылайды. Қалай келістірерімді білмеймін. Қатты қорқады", – деп жазса, келесі жарияланымында оның жүре бастағанын хабарлады. 
"Қуанышымызбен бөлісуге асықпыз! Біз қайтадан жүре бастадық! Аружан қорқынышын жеңе алды! Кішкентай сәбидің күш-жігерін қараңыздаршы! Көзіндегі бақытты көрудің өзі ғанибет! Мұның бәрі – сіздердің арқаларыңыз! Бізге үлкен мүмкіндік сыйлағандарыңыз үшін сіздердің әрқайсыңызға алғыс айтудан жалықпаймыз! Барлығы үшін рахмет сіздерге! Жаратушы сіздерді және туыс-туғандарыңызға қорған болсын!" – дейді қуанышы қойнына сыймаған ана.
 
 
Аружанның емі әлі аяқталған жоқ, толық айығып кетуі үшін тағы 20 мың еуродан сәл асатын қаржы керек.
Көмек қолын созамын деушілерге арналған реквизиттер:
Ресей жинақ банкі 4276 7212 4890 8022
Киви-әмиян 919 337 99 21
МТС 919 337 99 21
Мегафон 922 634 06 99
Теле2 900 099 28 44
Билайн 963 081 05 33
PayPal https://paypal.me/pomogitearuzan
Народный банк 4402 5735 7789 3789
Казком 5578 3427 1980 1562
Каспий Голд 5169 4931 4939 5868
Киви-әмиян 777 376 82 35
8 775 411 38 27, 8 777 376 82 35 нөмірлеріне теңгерім толтыруға болады.
 
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың қыркүйек айында сәбиге қауіпті диагноз қойылған еді. Ата-ана жұртшылықтан көмек сұрады. Адамдар бейжай қалмай, Аружанға барынша қайырымдылық көрсетті. Бұған дейін қажетті қаржы жиналғандығы туралы ақпарат жарияланған болатын, яғни мейірімді жандар науқас балғынның еміне 95 000 еуро жинап берді. Алайда қаражат әлі де қажет екені мәлім болып отыр.
 
Сурет пен бейне alau.kz порталынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓