Тектінің тұяғы
Жас күнімнен жанымда жүрген, еңбегін бір ғана мен емес, ел бағалаған, бұл күнде, жетпістің жотасына аяқ басқан досым – Серікбай Бірімжанұлы Тапаев туралы толғанысымды ортаға салмақпын.
Серікбай Тапайұлының, басқасын былай қойғанда, бір ғана Торғай төсінде шағын қалашық орнатып, Алтынсарин атындағы жаңа совхозды дүниеге əкелгенінің өзі неге тұрады?! Торғайдан Қостанайға баратын күре жол бойында, Қызбел таудың баурайында аз уақытта шағын қалашыққа əркімнің қызыға қарағаны əлі есімде. Алтынсарин атындағы жаңа орнаған шағын қалашықтың іргесінде, таяқ тастам жерде. Қызбел тауынан бастау алып, ағып жатқан Құттыбай бұлағын көрген кісінің таңдай қақпай, емес. Кəдімгі Ғафу ақын жырлаған Құттыбай бұлағы, шіркін, Ғафу ақын былайша толғаған еді-ау:
Бала кезден бар едің сен бір бұлақ,
Жолаушының арманындай бұлдырап,
Қызбел таудың белін орап ағушы едің,
Жібек белбеу секілденіп судырап.
Бала кезден бар едің сен бір бұлақ,
Жолаушының арманындай бұлдырап,
Қызбел таудың белін орап ағушы едің,
Жібек белбеу секілденіп судырап.
Жетпісінші жылдардың бел ортасы, бəлкім. Сексенінші жылдардың басы болар деймін. Торғай төсінде тың өзгерістер бола бастады. Ел басқаруға Жақан Қосабаев, Мұхаметқали Айсин сияқты іскер де тегеурінді басшылар келіп, елдің реңі, жердің көркі кіріп, Торғай даласы тың дүбірге бөленді. Көп жылдар қозғалыссыз жатып, азып-тозған шаруашылықтар іргесін қопсытып, ірілене бастады. Тың жерден жаңа совхоздар сап түзеп, ауыл ахуалына жаңа леп пайда болды.
Сол тұста Серікбай Тапаев деген жас жігіт жаңа совхоз шаруашылығының іргесін қалап, шағын қалашық салыпты деген хабар Алматыдағы біздің құлағымызға дүңкілдеп естіліп жатты. Туған жердің дүбіріне құлақ түріп, кім тыныш жатады?!
Алдымен, осы шаруашылықты көзбен көріп қайтуға Кеңшілік аттанды. Ол кезде ақын-жазушылар қара-құрасыз жүрмейтін. Қасында сол кездің өзінде де атақты ақын Жарасқан Əбдірашев бар, Сейітқазы Досымов сынды досы бар, тағы бір екі-үш жігіт Торғайға тартты да кетті.
Барған. Көрген. Жаңа шаруашылықты аралаған. Қызбел тауының етегіндегі Ғафу жырлаған Құттыбай бұлағының суын сіміріп, екі-үш күн тыныстап жатқан ғой, баяғы.
Алматыға келе сала Кеңшілік маған
қоңырау шалып: – Ойбай, Серік, мен Торғай жерінде бұрын көрмеген «сұмдықты» көріп қайттым. Оның «сұмдығының қызық екенін білсем де, «Ол не?» деп едім. – Сұмдығы сол – Серікбай Тапаев деген жігіт, баяғы екеуіміз жатқан білекті Құттыбай бұлағының түбінен, Қыз бел төрінен керемет совхоз салыпты. Соған арнап «Таза бұлақ» деген баллада жаздым, – деп, кейбір шумақтарын төмпелетіп айта жөнелді. – Тұра тұр, тұра тұр! – деймін мен, тағы бірдеңе сұрадым кейін. Тұра қоятын Кеңшілік пе, ақыры, өлеңді оқып біраз тыңдады.

Мен ойланып қалдым. Маған неге бармасқа?! Сонда кіммен бірге бармақпын. Ауылға барғанда шəйдан басқа ештеңе ішпейтін Шаймердендер емес, шалқып, балқып жүретін бірер жігітті ертіп алу керек!
Бір күні Бақыткерей Ысқақов хабарласып: – Ойбай, Серік, кеше «СК»- дан Кеңшіліктің «Таза бұлақ» деген
балладасын оқыдым. Торғайдағы жаңа совхоздың директоры Серікбай Тапаевқа арнапты. Керемет! Серікбай мені де шақырып жатыр. Мен «Серік екеуіміз барамыз» деп уəде беріп қойдым. Тез жинал, – десін.
балладасын оқыдым. Торғайдағы жаңа совхоздың директоры Серікбай Тапаевқа арнапты. Керемет! Серікбай мені де шақырып жатыр. Мен «Серік екеуіміз барамыз» деп уəде беріп қойдым. Тез жинал, – десін.
Бақыткерей екеуіміз Торғайға тартып кеттік.
Алматыдан ұшақпен аттанған біз екі сағатқа жетпей Арқалық əуежайына топ ете қалдық. Топ ете қалған тұста бізді күтіп тұрған Тапаевтың жігіттері алды-артымызға қаратпастан, қатар-қатар танаптардың арасымен Арқалыққа да, Торғайға соқтырмастан тура Қызбелдің кіндік тұсынан бір-ақ шықтық.
Көне Торғайдың ескі үйлеріне үйреніп қалған көзіміз, Қызбел құшағындағы жаңа қалашыққа таңырқай қарастық. Самалдары сап түзеген бірінен нен бірі өтетін жаңа үйлер, көзіңді қызықтырып, көңіліңді марқайтты. Қайда қарасаң да қайнаған құрылыс алаңы. Шаруашылықтың шырайын ашқан ақ
шаңқан үйлер, көз тартар көше тізбегі. Разы болмасқа хақым жоқ.
шаңқан үйлер, көз тартар көше тізбегі. Разы болмасқа хақым жоқ.
Серікбай бір кезде Арқалықтың қасындағы шаруашылығы құлдыраған Ə.Майкөтов атындағы совхозды қолға алып, ауданда, облыста, республикада алдыңғы қатардан көрініп, «жекешелендірілгендердің» ықпалына жығылмай, өзінше ұжымдық жол тауып, шаруашылықты нық ұстап тұрған кезі еді.
Серікбай Торғай облысының Аманкелді, Амантоғай, Арқалық, Жанкелдин аудандарындағы артта қалған шаруашылықтарды əуесті қалап алып, кейде тіпті тың жерден қада қағып совхоз орнатқан еді-ау. Бірақ, Тəуелсіздіктің бастауында бет-бетімен берекесі кеткен жүйенің қырсығы, Серікбайдың сеніміне селкеу түсіріп, жігерін құм қылды. Ақыры, Торғай жерінде тер төгіп, туған еліне аянбай еңбек еткен ер жігіт. Облысы бір емес, екі рет тараған соң, Астанаға жұмыс барысымен ауысуға тура келді. Астанада да тəжірибелі, іскер жігіт қарап отырмай, еліміздің іргелі шаруа шылықтары мен компанияларында ірі қызметтердің тізгінін ұстады. Абырой биігінен көрінді.
Еліне жаны ашитын текті жігіттің жай жүруі жараспайды. Бұрынғы Торғай, қазіргі Қостанай облыстарының іргелі шаруашылықтарына білік-білімін жұмсап, кешегі зейнет жасына шыққанша ақыл-кеңес, қол ұшын беріп жүрді.
Елдің тек шаруашылық жағы ғана емес, рухани өміріне де білек сыбана кіріскен Серікбай тағы да өзіне тəн тектілігін танытты.
Екі дүркін Парламент мəжілісінің спикері болған, қоғам қайраткері Орал Мұхамеджанов жас шақтан бірге өсіп, біте қайнасқан досымыз еді. Орал мен Серікбай, тіпті, түйдей құрдас, бір жылғы төл еді екеуі де, биыл 70-тің желкесіне шығып отыр. Орал дүниеден ерте өтіп кеткенмен, қадір тұтар достары, қастерлейтін халқы бар. Мемлекет қайраткері ғой. Əйтсе де, Серікбай достық парызын өтеп, Оралдың рухани орай көп қызмет еткенін білем. Оралдың жан-жары Шолпанмен, баласы ақылдаса отырып, жанашыр жан досы ретінде, оның
туыс-туғандарымен араласып жүріп, дос тыққа тəн парызды істеріне білек сыбана кірісті. Соның бірі Орал туралы Естелік кітапты шығаруға атсалысып, оны көрген-білген, араласып-құраласқан дос-жаран, туған-туысқандарының ізгі лебіздерін жинақтауға көмек көрсетті.

Соның нəтижесінде, «Фолиант» баспасынан Орал туралы естелік кітап дүниеге келді. Сондай-ақ, ол Оралдың Қостанайдағы, Аралықтағы облыстық музейлерде мұрағаттап мұқият жинастырды, шағын мұражайлардың іргесін қаластыруға күш салып жүр. Тағы да басқа үкіметтегі шаруалардың басы-қасында болып, Оралға деген рəсімді істердің бəріне де мұрындық болып жүргені бар. Бұл біреу міндеттеген жұмыс емес, адал достың жүрек қалауы деп түсінуіміз керек. Əрине, мемлекет, қоғам қайраткері Оралдың өмір жолы атаусыз қалмас, алайда, осындай игі шараларға атсалысып, ортасында жүретін жанашыр кісінің қай кезде де керек екені белгілі ғой.
Серікбай өзінің күш-қайратын тек ауылдас-қауымдас, жолдас-жора, туысқандарға ғана жұмсап қоймайды.
Кезінде аудан, облыс басқарып, халыққа жақын болған қайраткерлердің де қадір-қасиетін, қастерлі ісін ел-жұртқа насихаттау жағынан да өнегелі істерге мұрындық болып келе жатыр. Мəселен, Еркін Əуелбековтың аңызға бергісіз ерен ісін естелікке айналдырған үлкен кітабын шығаруға атсалысып, қол ұшын бере білді.
– Бұған Қостанайдағы «Қонаев қорының» жетекшісі, қарт қаламгер – Дəуренбек Ахметбековтің де игілікті үлес қосқанын айта кеткеніміз абзал. Серікбайдың, сондай-ақ, туған жердің тұлғаларын тұғырлы ету үшін,
оның тарихына көңіл бөліп, қастерлі істерін атқаруға білек сыбана кірісіп, біліктілік танытқан тұстарына талай куə болдық. Сонымен қатар, өзінің арғы атасы Тілеулі батырдың Ақтөбе жерінде жатқан тарихи орнына барлау жасап, оның төңірегіндегі тұлғалардың да тарихи шежіресін жүйелеп, бір ізге түсіруде
де Серікбай еңбегінің ізі сайрап жатыр. Ал, Астананың іргесіндегі Нияз би елдің «Ақмола» деп атап кетуіне негіз болған зиратына зерттеу жүргізіп, тарихын анықтауда, Серікбай өзінің белгілі кəсіпкер туған-туыс, жолдас-жораларын жұмылдырып, елге, халыққа үлгі болатын іргелі істердің негізін қалады. Серікбай Тапаевтың халықтық, елдік мəселелерге атсалысқан талай татымды істерін тілге тиек етуге болар еді. Бұл
əрине, бір ғана мақаланың көлеміне тарлық етері сөзсіз. Осының бəрі, сайыпсайып келгенде, Серікбай Тапаевтың өз тумасының тектілігінен туындаса керек.

Тектілігі сол, Серікбайдың арғы тек ата-бабаларында батырлардың, ақындардың, ел бастаған көсемдердің, от ауызды, ортақ тілді шешендердің немесе шежіресін, тарихын түзуге болар еді.
Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, Алаш əдеби
сыйлығының лауреаты, ақын.
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, Алаш əдеби
сыйлығының лауреаты, ақын.