КІМ ҮЗДІК?

Айға созылған "Ботақаным" байқауының 2-кезеңі қорытындыланды. Сонымен, қай қатысушының суреттері сыннан сүрінбей өтті? Ортадан оза шауып, жүлделі орындардарды иеленген озаттар кімдер?Ботаканым01-1
Толассыз келіп түскен материалдардың 20-сы ғана байқауға қатыстырылған еді. Үміткерлердің үздігін анықтауға редакция қызметкерлері жұмылып, дауыс беру құпия түрде жүргізілді. Сараптау барысында, барлығы бірауыздан бірінші орынға рудныйлық 4 жасар бүлдіршін Айлин Төлегенқызын лайық деп тапқан. Бұл жерде балдырғанның материалының сапасы ғана емес, сайт оқырмандарының оған қолдау білдіру деңгейі де есепке алынғаны сөзсіз. Өйткені Айлиннің суреттерін 16 453 адам қарап, 300-ге тарта пікір-лебіз келіп түскен. Бұл – рекордтық көрсеткіш! айлинТөрешілердің басым көпшілігі 2-орынды әулиекөлдік Әдия Сағындықоваға беріп отыр. Оның да интернет желісіндегі қолдаушылары көп болды (13 863 қаралым, 48 пікір) әрі суретінің тартымы мен нақышы дауыс берушілерді бейжай қалдырмаған болуы керек. Адия СагындыковаАл 3-орын Новонежин ауылының кішкентай тұрғындары Дияр мен Диляраға бұйырды. Мұнда да суреттердің қанықтығына басымдық берілді. Дияр
ДилараСондай-ақ, арнайы сыйлық Жанкелдин ауданының Қалам-Қарасу ауылынан қатысқан 2,5 жасар Айару Қайыржанның еншісінде. "Томпиған" балақайдың суреті тосындығымен, жасандылықсыздығымен ерекшеленеді. Ортақ келісіммен жасалған қорытынды осындай.Айару Кайыржан
Әрине, сапа жағынан бүгінгі жүлдегер суреттерге дес бермейтін материалдар болды. Бірақ олардың кәсіби фотостудияда түсірілгендігі байқалып тұр. Бұл байқауымыздың шартына қайшы келеді. Кейбір суреттердің "Ботақанымға" қатыстырылмағандығын да айта кеткен жөн: бірінің сапасы өте төмен, бірінің мәліметтері толық емес, енді біреуі байқауға екінші рет қатысқысы келген, т.б.
Ескерте өтейік, "Ботақаным" байқауы наурыз айында жалғасын табады. Тек ол жолы ережелерге толықтырулар мен өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жайында сайтта және газет бетінде қосымша хабарлайтын боламыз!
Әзірге, 2-кезеңнің жеңімпаздарын құттықтап қояйық!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓