Жол апатына ұшыраған жүргізуші ауруханаға жедел жеткізілді
Алтынсарин ауданының АІІБ қызметкерлері Докучаев елді-мекені маңында жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушіге жедел көмек көрсетті.
9-мамыр күні «Ауди-100» маркалы автокөлігімен 38 жастағы жүргізуші Сарыкөл ауданына жол тартқан болатын. Жоғары жылдамдықпен келе жатып, темір тұпарын басқара алмай жол көлік апатына ұшырайды.
Апат салдарынан, көлік жүргізушісінің бел және қабырға сүйектері сынып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Полицейлердің және дәрігерлердің дер кезінде көрсете білген көмегінің арқасында, зардап шегуші аман қалды.
Жандос Жүсіпбек