Тілсіз жауға – қырағы құрал!
Ауыр техниканы өрттен тиімді қорғап, жүргізуші қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Ол үшін бүгінде«ССКӨБ» АҚ кеніш автосамосвалдарына ANSUL өрт сөндіру жүйесін орнату басталды.
Уақыттың сынынан өткен американдық өнімтау-кен жабдықтарындағы өртті тиімді сөндіре алады. Мәселен, тілсіз жаудың алғашқы белгілері байқалысыменсалонда орналасқан басқару блогы дабыл ескертуін беріп, өртті сөндіру жүйесін автоматты түрде іске қосады.
Қырағы құрал тау-кен жабдығы мен көліктеріне арналған. Ол ауыстырылатын картридждері бар ұнтақты қондырғы мен стационарлы құбырдан тұрады. Басқару блогынан басқа өрт сөндіргіш пен тарату түтіктері бар резервуарлар да орнатылған. Сөндіру агенті– ұнтақтың жарамдылық мерзімі 25 жыл. Тағы бір артықшылық– жұмыс температурасының кең жиілігі.
– ERG үшін, демек, ССКӨБ үшін қауіпсіздік –жұмысымыздағы ең маңызды басымдық, – деді «ССКӨБ» АҚ Көлік кешені автокөлік учаскесінің автоколонна бастығы Александр Меньшов. – Пайдалы қазбаларды өндірумен және өңдеумен байланысты қауіп-қатерлер өте жоғары. Сондықтан біз қызметкерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Өрт сөндіру жүйесі бұл жағдайда технологиялық көлік жүргізушілері үшін басты кепілдік болып табылады.
ANSUL жүйесін машинаға орнату үшін екі күн қажет. Ақпан-наурызда онымен 20 «Caterpillar» ауыр жүк көлігі қамтылмақ. Одан кейін кезек – «Hitachi» самосвалдарында.
Қуаныш Есқабыл