Облыс әкімі ауысқалы жатыр

Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов өз еркімен қызметінен кетеді. Бұл жайлы жергілікті және республикалық ақпараттық желілер жарыса жазуда.аким
Бізге белгілісі, түстен кейін облыстық мәслихат отырыс өткізеді. Ондағы мақсат – аймақ басшылығына жаңа үміткерлерді ұсыну. Әзірге жаңа облыс әкімі лауазымына үш үміткер түседі делінуде. Олардың қатарында осы уақытқа дейін өңір басшысының орынбасары болып келген Ғауез Нұрмұхамбетов бар. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, Қостанай облысының жаңа басшысын тағайындауға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов арнайы келіп қатыспақ.
Толық әрі нақты ақпаратты кейінірек жариялайтын боламыз.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓