Коньки үйірмесіне келушілер көп

Қысқы Олимпиаданың алауы жағылар күн жақындаған сайын коньки үйірмесіне жазылған балғындар саны да көбейген. Бұл туралы 24.kz тілшісі жазады.конькиКоньки үйірмесі тегін жұмыс істейді. Мұнда жүзден астам оқушы тұрақты түрде шұғылданады. Балғындардың арманы – Денис Кузин сияқты әлем чемпионы атану, Олимпиада ойындарына қатысу. Олар әйгілі спортшымен бір айдында жаттығып, ақыл-кеңесін тыңдағанын мақтан тұтады.
– Өз басым Денис Кузинге қарап бой түзедім. Ол Қостанайға келген сайын осы алаңға соқпай кетпейді. Өзінің тәжірибесімен бөліседі. Қателіктеріміз болса түзетеді, – дейді ҚР спорт шебері Влад Петров.
Денис 1000 және 1500 метрлік қашықтықта сынға түседі. Оның алғашқы жаттықтырушысы Пётр Пастушенко әзірге алдағы дода жайлы пікір айтуға асықпайды. Десе де 12 халықаралық деңгейдегі Қазақстанның 36 спорт шеберін тәрбиелеп шығарған бапкер шәкіртінің жетістігіне көңілі риза.
– Болжамды жарыс аяқталғасын барып айтқан жөн. Әйтсе де жақсы нәтижеден үміткерміз. Олимпиадаға алдын ала сараптама жасау мүмкін емес, өте үлкен деңгейдегі жарыс, мұнда күтпеген жағдайлар көп кездеседі, – дейді П.Пастушенко.
Айта кету керек, Қостанай облысы атынан ұлттық құрама сапында Денистен бөлек шорт-трекші Анастасия Крестова мен шаңғышы Виталий Пухкалолар бар. Аймақта Олимпиада кезінде қолдау шараларына баса көңіл бөлініп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓