Әнге еліткен маңайды…
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Білім орталығы» ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, еліміздің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығына арналған ән кеші болып өтті. Мәдени-көпшілік шара композитордың 65 жылдық мерейтойына арналды.
Өнер мерекесіне белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет, профессор Қалқаман Жақып, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық және университет ұжымы. студенттер қатысты.
Шығармашылық кеш барысында композитор өзінің өнерге алғаш қалай қадам басқандығы туралы кеңірек әңгімелеп берді.


-Кезінде осы университетті академик Зұлқарнай Алдамжар басқарып тұрғанда мұнда хор ұжымы, ұлт-аспаптар оркестрі болатын. Солармен бірге мен талай осы оқу ордасының қабырғасында өнер көрсеттім. Ахаңның 125 жылдығына арналған тойда ақын Ақылбек Шаяхметтің сөзіне «Аға туралы ән» шығарғанмын. Оған да міне ә дегенше, жиырма жылдан асып кетіпті. Мен негізі,Жамбылдағы мәдени-ағарту училищиесін бітіргеннен бері, елу жылға жуық осы өнер мен мәдениетке қызмет атқардым,-деді Қалибек Деріпсалдин,- Біраз жыл «Шертер» ансамблінде жұмыс істедім. Одан қалды Қима, Аманкелді аудандарында және Арқалық қаласынының мәдениет бөлімдерінде, оқу-ағарту саласында еңбек еттім.



Әлібек ЫБЫРАЙ,
Суреттерді түсірген Айтолқын ҚАПАН.