“Армандастар” байқауының жеңімпаздары анықталды
"Армандастар" облыстық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының қорытындысы шықты.

Театр ұжымдары арасында Аманкелді ауданының Құмкешу жалпы білім беретін мектебінің "Бәйшешек" тобы Гран-приді алды. Жетекшісі – Қуаныш Жүнісова. Қостанай қаласындағы №28 мектеп гимназиясының "Болашақ" театр ұжымы 1-орын, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының "Дарын" тобы 2-орын, Әулиекөл аудандық балалар өнер мектебінің "Метаморфозы" театр ұжымы 3-орын алды. Жітіқара ауданындағы "Этюд" балалар шығармашылығы үйінің шәкірті Варвара Задорожная "Үзді актерлік бейнесі" үшін марапатталды. "Үздік әйел бейнесі" аталымындағы сыйлық Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының оқушысы Ақниет Маратқызына бұйырды. Дәл осы аталымдағы екінші сыйлық Арқалық қаласындағы Қызылжұлдыз негізгі мектебінің оқушысы Сердәулет Әбдіғалымовқа берілді. "Көркемсөз оқу" аталымы бойынша Рудный қаласындағы №1 "Қашар жалпы білім беретін мектебінің ұжымы марапатталды.
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.