Аймақ басшысы Арқалықта
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің оңтүстік аудандардағы сапары жалғасуда. Ол бүгін Арқалық қаласында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, қала әкімі Амантай Балғаринның халық алдында есеп беру жиынына қатысады. Бұл туралы сол жақтағы тілшіміз хабарлайды.Өңір басшысы Арқалықтағы жұмысын "Жанұя" медициналық орталығынан бастап, оның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл мекемені "Арсенал" ЖШС-нің басшысы Сәбит Әбдікәрімұлы қала тұрғындарына сыйға тартып отыр. Жоба құны – 100 млн теңге. Оның тең жартысына медициналық аппараттар сатып алынған. Жас кәсіпкердің бұл игі ісіне облыс әкімі өз ризашылығын білдірді.Бұдан соң Архимед Бегежанұлы қайта ашылған "Балдырған" балабақшасына ат басын тіреді. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестіктің арқасында балабақша күрделі жөндеуден өткен. Оған барлығы 317 млн шығындалыпты. "Алюминстрой" ЖШС қайта ашылған білім мекемесіне жаңа микроавтобус сыйға тартты.
Сондай-ақ, оңтүстік облыстардан келген жас дәрігерлерге кәсіпкер қала орталығындағы жаңа 3 пәтер беріп отыр…
Сондай-ақ, оңтүстік облыстардан келген жас дәрігерлерге кәсіпкер қала орталығындағы жаңа 3 пәтер беріп отыр…
Сапар соңында өңір басшысы Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғариннің есеп беру жиынына қатысады. Ол жайында бөлек ақпарат беріледі.