Шағын футбол алаңының құрылысы
by
Qostanaı tańy
·
07.07.2015
Жанкелдин. Аудан орталығында Жақан Қосабаев атындағы көшеде шағын футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр. Жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан алаңның жан-жағы да қоршалып, абаттандырылады. Шарықшамдар орнатылмақ. Бұдан басқа, Ж.Қосабаев есімі берілген көшеге үй – үйдің сыртынан ілінетін нөмірленген тақтайшалары толығымен ілініп, сол көшедегі асфальтқа жөндеу жұмыстары басталды.