Тиімді шаралар БЕЛГІЛЕНДІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы “Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: … Үкімет “Самұрық–Қазына” қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтау керек. Тура осындай жұмысты қалған мемлекеттік секторлар да жүргізуі кажет. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс” деп атап көрсетілген.
Осыған байланысты және ҚР Қаржы министрлігінің 08.02.2013 жылғы кеңейтілген отырысынан кейін Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мүлікке тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жекешелендіруге жататын он екі кәсіпорын анықталды, оның жетеуі сатылды. Бес нысан бойынша сатуға құжаттар әзірленуде. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды тексеру барысында 1143,8 шаршы метр бос алаң анықталды. Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мақсатында анықталған бос алаңдарға департаменттің бұйрығымен ғимараттың шығындарын төлей отырып, ақысыз сегіз мемлекеттік мекеме 873,6 шаршы метр және үш мемлекеттік кәсіпорын 270,2 шаршы метр алаңға орналастырылды.
Былтырғы жылдың қыркүйек айында “Бірегей баланс ұстаушы” деген атаумен едәуір тапсырмалар орындалды. Қорытындысында облыс аумағында мемлекеттік органның 101 аумақтық бөлімшесінің балансында көлемі 56331,51 шаршы метр жылжымайтын мүлік тіркелген, оның елу тоғызы басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың алаңы 9075,93 шаршы метр жерге ақысыз шартпен орналасқан. Жиырма екі мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың алаңы 3129,51 шаршы метр ақылы жалдау шартының негізінде орын алған. Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында департамент осы аталған жиырма екі мемлекеттік органды басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың алаңына ақысыз шартпен орналастыру үшін жұмыстар атқаруда.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңына сәйкес бір баланстан келесі балансқа беру актілері де бекітілді. Жекешелендіруге ұсынылған он екі нысанның сегізі республикалық меншікке сату кестесіне қойылды. Жеті нысан сатылды. 1704 нысанды есептен шығаруға ұсыныс жасалды. Соның жеті жүзге жуығы есептен шығарылды. Бір мыңнан астам нысанды есептен шығаруға келісім алуға өкілетті органға құжаттар жіберілді.
Өткен жылдың басынан мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалармен 253 жалға беру келісім шарты жасалды, 16,18 мың шаршы метр алаң жалға берілді, мемлекеттік бюджетке 40096,7 мың теңге қаржы құйылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2013 жылғы 18 сәуірдегі №374 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 “Жекешелендіру нысандарын сату Ережесін бекіту туралы” қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” қаулысының қабылдануына байланысты, мемлекеттік меншіктегі құрылыстарды сатудың электрондық формасы мемлекеттік мүлік тізімінің веб сайты www.gosreestr.kz арқылы онлайн режимде жүргізу енгізілді.
Мемлекеттік меншіктегі мү-ліктерді сатудың электрондық формасын енгізгеннен бастап, департамент 2013 жылдың үшінші тоқсанында үш электрондық сауда өткізді: қырық бес нысан 18235,0 мың теңгеге сатылды.
Қазіргі таңда әрбір қазақстандықтың Интернет жүйесіне қолжетімділігі жоғары екендігін ескере отырып, электронды сауда өткізу тәжірибесін енгізуге қатысушылардың санын ұлғайтқанын және сатылатын мемлекеттік мүліктерге бәсекелестік деңгейі көтерілгенін айту керек. Келешекте кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны өткізілгенде өзінің оң септігін тигізетіні сөзсіз. Кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынын өткізу отандық өндірушілердің беделін нығайтады және экономикалық өсімді жоғары қарқынға көтереді.
Міне, осынау талаптарды бұлжытпай орындау – біздің міндетіміз. Мен басқаратын облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымы жауапкершілікті бұрынғыдан да терең сезінуде. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың жоспары жасалып, орындаушыларға тапсырыстар берілді.
Аталған департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетіне қарайды. Біз республикалық маңызы бар меншік түрлерін жекешелендірумен айналысудамыз. Негізінде жекешелендірудегі нысандар республикалық және коммуналдық салаларға беріледі. Былтырғы жылғы мемлекеттік мүліктердің бір түрін меншіктің басқа түріне ауыстыру туралы № 616 бұйрығы бойынша жұмыстар істелді. Осы бұйрықпен және облыстық әкімдіктің қаулысымен қабылдау-ауыстыру жөнінде актілер бекітілді. 442 нысанның он сегізі жылжымайтын мүліктер. Он бірі пәтерлер, екеуі автокөліктер, ветеринарлық жабдықтар.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы “Мемлекеттік мүлік туралы” заңына сәйкес бір баланс-тан келесі балансқа беру актілері де бекітілді. Жекешелендіруге ұсынылған он екі нысанның сегізі республикалық меншікке сату кестесіне қойылды. Жеті нысан сатылды. 1704 нысанды есептен шығаруға ұсыныс жасалды. Соның жеті жүзге жуығы есептен шығарылды. Бір мыңнан астам нысанды есептен шығаруға келісім алуға өкілетті органға құжаттар жіберілді.
Өткен жылдың қыркүйек айында “Бірегей баланс” бойынша арнайы тапсырыстар орындалды. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде көлемі 56331,51 шаршы метр жылжымайтын мүліктер, мемлекеттік заңды тұлғаларда қайтарусыз пайдалануға берілген, көлемі – 9075,93 шаршы метр, мемлекеттік емес заңды тұлғаларда және жеке тұлғалардың жалдап алған, көлемі – 3129,51 шаршы метр нысан бар. Солар өткен жылдың қыркүйек айында “Бірегей баланс жағдайына” сәйкес тапсырмалар арқылы ретке келтірілді. Жыл басында департамент 253 жалға беру келісім шартын жасады.
Мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді басқару заңдылықтарын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру жолында департамент едәуір жұмыстар атқаруда. Республикалық меншік түрлері саудаға ұсынылды. Соларды сауда кестесіне енгізу үшін комитетке құжаттар әзірленді. Тоқсан бес нысанның барлығы сатылды. Сауда құны 30802,0 мың теңгені құрады. Ағылшын тәсілімен жиырма нысан 9009 мың теңгеге бағаланды. Құсмұрындағы санитарлық-эпидемиология ғимараты көлемі, төрт жүз шаршы метрден астам, 1668,7 мың теңгеге бағаланды. Жетпіс бес нысан, құны 21793 мың теңге, голланд тәсілімен сатылды. Құсмұрын кентіндегі гараж қоймасымен қоса саудаға салынды. Электронды саудаға қырық бес нысан ілікті.
Суретті түсірген
Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Ербол Ахметов