Тұрғын үй салу тоқтамайды

Үстіміздегі жылы облыста  290,9 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтереді. Тұрғын үй тұрғызу көрсеткіші  бойынша республикада сегізінші орында тұр. Бүгінге дейін 563 пәтер және 172 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиында облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк мәлімдеді. IMG_3990 -Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 290,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.  Өткен жылы  264,7 мың шаршы метр аумаққа тұрғын үй тұрғызылған еді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға барлық қаржы көздерінен 7,7 млрд теңге қарастырып отырмыз. Тұрғын үй құрылысына мемлекеттік облигация есебінен 12,8 млрд теңге бөлінді. Жақында бұл қаржының 1,2 млрд теңгесін алдық. Қалған ақша ҚР инвестициялар және даму министрлігімен келісіліп беріледі. Сонымен қатар екінші жартыжылдықта «Байтерек Девелопмент» АҚ тұрғын үй құрылысына 8,3 млрд теңге бағыттайды. Аталған қаражат 18 кредиттік үй мен тағы 25 жаңа тұрғын үйдің құрылысына жұмсалады. Үйлер 2019 жылы тапсырылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк өз баяндамасында.
Оның сөзінше, 2018 жылы құрылысы былтыр басталған 309 пәтерлі 5 жалдамалы үйдің құрылысы биыл аяқталады. Жалпы, осы жылы 3021 пәтер өз иелерін табады. «Тұрғын үй құрылысы жұмыстары қарқын алғанымен, пәтер кезегіне тұрғандардың саны азаймай тұр. Үстіміздегі жылдың 1 маусымына сәйкес, облыста 25 мың адам үй кезегінде тұр. Оның 15 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік әлсіз тобы. Сол себепті, аудандардағы ескі ғимараттарды қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға алдық. Нәтижесінде, облыстың 3 қаласы мен 10 ауданындағы 31 нысанды тұрғын үйге айналдыруға мүмкіндік бар», – деді ол. Егер бұл нысандарды қалпына келтірсе, үй кезегінде тұрғандарға жалға беруге болады. «Қазір Қарабалық пен Денисов аудандарында жобалық-құндық құжаттарды әзірлеуге қатысты конкурстық шаралар жүргізіліп жатыр.Мүмкін, ЖҚҚ әзірлеуге арнайы кесте құру керек шығар. Бұл біртіндеп жалға берілетін үй құрылысының мәселесін шешер еді,-деді облыс әкімінің орынбасары.
-Бұл тиімді бағыт. Аудандарда тұрғын үй құрылысы онсызда қарқынды жүріп жатқан жоқ. Сондықтан, бұл мәселеде «бір оқпен екі қоянды атып алуға болады». Біріншіден, жаңабаспаналар пайда болады, сосын, аудандардың сыртқы келбетіне әр кірер еді,-деді өңір басшысы.
Облыс «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға әзір. 2021 жылға дейін өңірде 1,3 млн шаршы метр аумаққа тұрғын үй салыну жоспарланды. Былайша айтқанда, жылына 3,5-4,5 мың пәтер қолданысқа беріледі. «7-20-25» бағдарламасы бойынша алдағы төрт жылда 15 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ете аламыз. Оның 10 мыңы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Ұлттық банктің облыстың филиалы таратқан мәлімет бойынша, қазіргі күні 100-ден астам тұрғын «7-20-25» бағдарламасымен үй алуға ниетті. «Жалпы, біз жаңа бағдарламаны іске асыруға дайынбыз», – дейді облыс әкімінің орынбасары.    Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғын үй шаршы метрінің бағасын қалыпта ұстауды тапсырды.
-Науырзым ауданындағы Қараменді,  Торғай селосындағы бос тұрған үйлерді  көрдім. Неге соларды кәсіпкерлер есебінен қолданысқа бермеске ?  Және оның сапасына көңіл аудару қажет. Әлгі аудандардағы үйлердің әр шаршы метрі үшін төленетін қаржы облыс орталығындағымен бірдей болып кетпесін. Осыны баса назарға ұстаңыздар. Мұнымен қоса, сол өңірлердің сәнін келтіріп тұрған ескі ғимараттар жетерлік. Соларды да тиімді іске жарату  керек. Әкімдерге осы мәселені қатаң тапсырамын, – деді Архимед Мұхамбетов. – Баспана мәселесін шешуде түрлі мүмкіндіктерді қарастырған жөн. Мәселен, өткен жылы бос тұрған нысандарды тексерілді. Оларды жөндеп, жасқаса, тұрғын үй ретінде пайдалануға әбден болады.
        
Әлібек ЫБЫРАЙ,
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓