Көпқабатты 27 үй салынады

Биыл Қостанайда 30-ға жуық көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында қала әкімі Базыл Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. стройкаҚала әкімінің сөзінше, 2017 жылы Қостанайда тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге қаражат толығымен игерілді.
«Былтыр бюджеттік қаржы мен жеке инвестициялардың есебінен 1686 пәтерлі 22 үй мен мансардты 4 қабат пайдалануға берілді. Бұған қоса мемлекет бюджетінен 1062 пәтерлі 17 үйдің салынуына ақша бөлінді. Тағы 10 үй «Бәйтерек» АҚ арқылы салынды», – дейді қала әкімі.
Ал осы жылы 27 үйдің құрылысы басталмақ. Оның 20-сы – «Юбилейный», 7-еуі «Әуежай» шағын ауданындарында тұрғызылады. Қаланың шет жағындағы «Әуежай» шағын ауданында бүгінге дейін 17 үй жұрт игілігіне берілді. Жоба бойынша 2018 жылдың аяғына дейін мұнда көпқабатты тағы 7 үйдің құрылысы басталады. Баспаналардың жалпы аумағы – 100 мың шаршы метр. Мұның сыртында былтыр 900 орындық мектеп пен екі балабақшаның құрылысы қолға алынған. многоэтажки«Бұл шағын ауданда 1000 адамға арналған спорттық-көңіл көтеру кешені қолданысқа беріледі. Барлық инженерлік инфрақұрылым жүргізілген.  Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында монтаждау жұмыстары аяқталуы тиіс. Сонымен қатар «Әуежайға» жақын орналасқан су айдыны маңынан саябақ салынады», – деді Жақыпов.
Айта кету керек, бүгінде «Юбилейный» шағын ауданындағы 9 үйдің іргетасы қаланды. Оның ішіндегі 4 үй жеке инвесторлардың қаржысымен салынып жатыр. Келесі жылы қалған 11 үйдің қабырғасы қаланбақ. Жиында белгілі болғандай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аталған шағын ауданда 1000 орынға шақталған ұлттық-мәдени орталық бой көтереді.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓