Автобус неге кешікті?

Өткен апта сақылдаған сары аязымен ерекше есте қалғаны сөзсіз. Облысымызда сынап бағанасы 30 – 35 гардусқа төмендеді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын балалардың сабағы тоқтады. Кейбір күндері 10-11-сыныптардың оқушыларына да оқу болған жоқ. Шымшыма аяз бала түгілі ересектерді де әуреге салды. Аязды күні қала тұрғындары жұмысқа бару үшін ұзақ уақыт аялдамада тұрып, сарылып автобус күтті. КСК шағын ауданында тұратын Назигүл Досмағұлова №9 маршруттың жұмысына көңілі толмайтынын айтады.маршрут-КСК шағын ауданына бес ай бұрын отбасымызбен көшіп келдік. Ғафу Қайырбеков көшесінен үш автобус жүреді. Баратын жеріме №9 автобуспен жетемін. Алайда, осы аталған маршруттың жұмысы көңілімнен шықпады. Автобус жиі кешігеді. Аялдамада 20 минутқа дейін тұрамын. Әсіресе, қыста қиын. Аязды күндері автобустың артқы есігі жабылмай қиғылық салды. Іштегі жолаушылар тоңып-жаурап межелі жерге әрең жетті. Автобустың жүрісін, техникалық жағдайын қадағалап отыратын жауапты адамдар болу керек қой,-дейді Назигүл Досмағұлова.
-Қала тұрғындарының арыз-шағымы ескеріледі. Азаматтардың сауалдарына жазбаша түрде жауап береміз. Егер, шағым түссе маршруттардың басшыларымен сөйлесеміз, мәселенің мәнісін анықтаймыз. Тікелей өздігімізден маршруттардың жұмысын тексере алмаймыз. Қандай да бір сұрақтарыңіз болса Байтұрсынов 55 мекенжайындағы қалалық ТКШ бөліміне хабарласа аласыздар, -Қостанай қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Бейсенов.
Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын №9 автобустың қызметіне «Альтаир» өндірістік кооперативі жауапты екен. Өндірістік кооперативтің диспетчеріне хабарласып, жағдайды айттық. Диспетчер қызметіндегі маман басшылықпен сөйлесу үшін келесі күні хабарласыңыз деді. 
Алдағы ақпан айынан бастап Қостанайда қоғамдық көлік жолақысының қымбаттайтынын естіген шығарсыздар. Бұл туралы ақпарат жергілікті басылымдар мен телеарналар арқылы тарады. Атобус парктерінің басшылары қала ішіндегі жолақыны 80 теңдеген 100 теңгеге дейін өсіруді ұсыныпты. Осы орайда, автобус парктерінің басшылығы қызмет көрсетудің сапасына да мән берсе екен дейміз.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

2 Responses

  1. Қалаға келген қонақ айтты:

    №9 автобустың ызасы өтті. Анау жолы қатты аяз болғанда автобустың есігі жабылмай қалды. Ол аздай, остановкада жарты сағат күтесің өзін. КСК-дағы №18, 25-ші автобустар тез жүреді. Ал біздің №9-дың жүрісі баяу. Еще проезд бағасы 100 теңге болады дейді. "Алмақтың да салмағы бар". Алдымен, автобустар жүрісін дұрыстауы керек. 

  2. Тоңған жолаушы айтты:

    Иə, шынымен де. 20 минут түгілі жарты сағат күтсең де келмей қалатын күндері көп. Былтыр 45 минут дегенде əрең келгені бар. Сондағы тоңғаным əлі есімнен кетпейді. Оның үстіне  іші сұп-суық. Тура бір концлагер тұтқындары құсап дірдектеп жүргеніміз.. Бұл мəселені бір жақты қылу керек деп ойлаймын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓