Қолдау бар
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы биылғы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына айналды. Оның ең танымал бағыттарының бірі бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттар. Бұл бастама бірнеше жыл бойы өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды көпшілік қолдануға тырысуда. Бір ғана Қарабалық ауданының өзінде гранттарға деген сұраныс қашанда жоғары. Үміткерлердің өтініштерін қарау мақсатында аудандық комиссия құрылған. Грант бизнес бастаманы алып кете алатын адамдарға ғана берілуі тиісті.
Мал басын көбейтіп, өнімін арттырды

Смирнов ауылынан келген Валентин Панчук өткен жылы грант ұтып алды. Отбасы қазірдің өзінде мал басын көбейткісі келеді. Бірақ осы азғантай шаруашылығын кеңейтіп, одан әрі көбейтуді мақсат етіп жүр. Ал басы көбейген сайын одан алатын өнім де көп болатыны белгілі. Мемлекеттік гранттар мен "Еңбек" бағдарламасы туралы бұрын білмеген болатын. Кейін естіген соң ауыл әкімі Ботагөз Қапановадан нақтылап білім алды. Ол ауыл тұрғындарын осындай мүмкіндіктер туралы үнемі хабардар етіп отырады. Валентиннің жобасы бәріне сәйкес келді. Біріншіден, ол ауланың көлемін кеңейткісі келді, екіншіден, мүгедектікке байланысты мақсатты топқа жатады. Ал, ондай кісілерге комиссия әрқашан басымдық береді. Арнайы оқудан өтіп, бизнес-жобаны құрып, барлық құжаттарын халықты жұмыспен қамту орталығына жіберді.
Көп күттірмей оның өтініші қабылданып, грант тағайындалды. Валентин осы қаражатқа екі сауын сиыр сатып алды. Сүт сатып, нәпақасын айырды.
– Сиырды сауып, сүт сатамын. Бұл әлдеқайда пайдалырақ. Шөптің бағасын да үнемі бақылауда ұстаймын. Себебі, шығын мен кірісті қашанда есептеп отыру керек. Ондай болмаған жағдайда пайда таппауым мүмкін. Ал мен бұл істі алға дамытып, пайдасын көруім керек, – дейді ол.
Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша гранттық қаржыландыру биылғы жылы да жалғасатын болады. Биылғы жылы оның шарттары айтарлықтай өзгерген. Грант сомасы айтарлықтай өсті, енді ол 200 емес, 400 АЕК (1 225 200 теңге) құрайды. Бірақ оны алуға тек жастар мен азаматтардың әлеуметтік осал санаттары – аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар азаматтар ғана үміткер бола алады. Халықты жұмыспен қамту орталығында хабарлағандай, биыл Қарабалық ауданында 14 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Келіп түскен өтінімдер тамыз-қыркүйек айларында қаралады.
Бағдарлама кәсіпкерлерді қолдайды

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы кәсіптерін жаңа бастаған, дамытып отырған кәсіпкерлерге үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Ол жайында директоры Ермек Мұстафин айтып берген еді.
– Ауыл тұрғындары үшін ең қажетті әрі ең тиімді бағдарлама кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы. Ауданда аталмыш бағдарлама аясында 40-тан астам ісін енді бастаған кәсіпкер қолдау тапты. Өткен жылы игерілген қаражат көлемі 14 млн теңгеден асты. Негізінен бұл ақшаны аудан тұрғындары шағын бизнес ашу үшін пайдаланады, – деді Ермек Мұстафин.
Отбасының нәпақасы еңбекпен келеді

Осы сияқты Валерия Богомолова мен Әсел Құсайынова да бүгінде тәп тәуір кәсіпкер. Олар да мемлекет тарапынан осындай қолдауға ие болып, сұлулық салоны мен ателье ашып алған.
– Биылғы жылы 25 үміткердің әрқайсысына 1 млн 200 мың теңгеден грант беру жоспарланған. Бұл басқалардың сұранысын арттыруға себепші. Олар да өз бизнес идеяларын жүзеге асыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға талпынады, мүмкіндігі болады, – дейді Ермек Мұстафин.
Кәсіпкерлер палатасының филиалы бизнес саласында туындап жататын құқықтық сауалдарды шешуге де белсенді. Аудан прокуратурасында мобильді топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері мұнда 3 өтініш қаралды. Барлығына сай әкімшілік кедергілерді жою бойынша пәрменді шаралар қабылданды. Ол үшін палата филиалы барлық мемлекеттік органдармен ынтымақтастық туралы 8 меморандум жасасқан. Мұндай ынтымақтастық аясында келісім комиссиялары жұмыс істейді. Осының арқасында бизнес сот дауларынан қашық болады. Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау күшті. Олардың жанар-жағар май, тыңайтқыштар мен техниканы субсидиялау бойынша Үкімет алдындағы проблемаларын көтеріп, оның шешілу жолдарын қарастырады. Осындай бастамалардың арқасында "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Даму" Қоры және екінші деңгейлі банктер аясында кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелендіру бойынша да көптеген мәселелер шешімін тауып келеді.
– Қазіргі уақытта Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында арнайы тұжырымдама қабылданған. Оның аясында «Мемлекет Бизнесті қолдауға мүдделі» екенін атап өткен жөн болар. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметті дамыту мен жақсарту үшін тиімді құралдар қолға алынуда. Палата филиалы бұл бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ал ауылдық жердегі бизнес гүлденіп келеді деседе болады, әрі қолдау табуда, – деді Ермек Мұстафин.
Осылайша, аудандық филиалдар Мемлекеттік бағдарламалар туралы үнемі айтып, халықты хабардар етіп тұрады. Бұл екі жаққа да тиімді.