Пәтер тонаймын деп…

Рудный қаласында пәтер тонауға келген ұрылар үй ішінде қамалып қалды.
пәтерОблыстық ішкі істер департаментінің өкілі Әділбек Нұрмахиннің мәлімдеуінше, оқиға кеншілер шаһарының Корчагин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Пәтерде  адам  жоқ екенін білгендер  есікті сәйкес кілтпен ашып кірген. Сол сәтте үй иесі де оралады. Өз үйінің есігін ашалмаған қала тұрғыны ұрылардың әрекетін бірден аңғарып, тәртіп сақшыларын шақыртады. Полицейлер іштен бекітулі баспанаға ену үшін авариялық құтқару қызметінің көмегіне жүгінген. Осылайша ұрыларды оқиға орнында тұтқындалды. Қазіргі таңда қолға түскен 2 күдіктіге қатысты  тергеу шаралары жүріп жатыр.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓