«Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

Бүгін Қостанай теміржол аумағында «Есірткісіз болашақ» атты республикалық акциясы өтті. Бұл акцияға облыстық ішкі саясат басқармасы, білім, денсаулық, жастар ісі жөніндегі басқармалардың мамандары атсалысты.
Акция жолға жиналған жолаушыларды және шығарып салушыларды тарта отырып, «Жастар есірткіге қарсы», «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен бастау алды.
  -Акцияның міндеті жастар, жалпы жұртшылық арасында нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу. Мақсатымыз тек қана жастарды емес, қаланың тұрғындарына да есірткінің келтірер зиянын ұқтыру. Сол себепті тек теміржол вокзалында емес, қаламыздың барлық демалыс орны мен көпшілік жүретін жерлерде өткізіп жатырмыз. Қаламыздың тұрғындары, дем алу үшін келген қонақтармен қатар, мектеп оқушылары, студенттер таратылған парақшаларды оқып, оны ойына түйеді деп ойлаймыз.
Кешкі сағат алтыдан кете Алматы-Қостанай пойызы қозғалды. Сол жолаушыларға, шығарып салушыларға жадынама, буклет үлестірдік. Буклеттердің негізі мазмұны ата-аналардың балаларының қайда жүргенін мұқият тексеріп, қадағалап отыру керектігін ескертеді. Жалпы есірткінің зияны туралы айтылады. Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, – дейді облыстық ішкі істер департаменті есірткімен күрес басқармасының жедел өкілі, полиция майоры Айгүл Ерәділова.
Бірі түсіндірме парақшаларымен қоса арнайы логотип жазылған бетперде таратты. Екіншісі көпті жиып, салауатты өмір салтына шақырды.
Жанна Нұрғазина мұндай шараларға жиі қатысады.
 «Бүгін нашақорлыққа қарсы акция өтіп жатыр. Мұның бәрі зиянды әдеттен аулақ болуға шақырады. Жадынамалар, бетперделер тараттық. Жалпы өзімді ғана емес, таныстарымды, достарымды, отандастарымызды қорғап қалғым келеді. Осындай шараны ұйымдастырып жатқан ПД басшылығына алғыс айтамын», – дейді ол.
Мұндай танымдық  шаралар алдағы уақытта да  жалғасатын болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓