“Темтенің” жаңа жобалары

Алтынсарин ауданы Щербаков ауылындағы «Темте» ЖШС-ның жанынан былтырғы наурызда ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған еді. Кооператив биыл қымыз өндіру, мал сою цехын ашқалы жатыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов серіктестіктің жаңа жобалармен танысты.IMG_4897Кооперативтің құрамында 28 адам бар. Жалпы соммасы 120 миллон теңгенің екі жобасын қолға алып жатыр. Аталған қаражаттың 70 миллионы кооператив иесінікі. Қалған 50 миллионын банктен несиеге алыпты.
-Алдағы мамыр айында қымыз өндіру цехын іске қосамыз. Дайын өнімді Қостанай қаласына апарып, сатамыз деген ой бар. Мал сою цехының қуаттылығы 25 ірі қара. Екі цехтың да құрылысы жүріп жатыр. Жоспарға сай, белгіленген мерзімде аяқтаймыз,-деді кооператив басшысы Есентай Мұхаметжанұлы. IMG_5071«Темте» серіктестігі 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шаруашылықта 200 бас ірі қара, 1000 бас қой, 700 жылқы бар. Төрт жүз қойды қаладағы ет комбинатына тапсырғалы жатыр. Серіктестік мал шаруашылығын дамытумен қатар, қаз бағып, етін сатады.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓