Лифтке қысылып, көз жұмды
Лисаков қаласында тұрып қалған лифттен өз еркімен шықпақ болған жасөспірім қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала прокуроры Еркін Тәйкешевке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 12 қаңтар күні сағат 16:00-дер шамасында болған.
«6 шағын аудандағы үйлердің біріндегі лифт шахтасында екі жасөспірімнің бөгеліп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың бірі өз еркімен шықпақ болған кезде лифт жүріп кеткен. Жеделсатыға қысылып қалған 2002 жылғы жасөспірім көз жұмды. Ал екінші бала қауіпсіз жерге көшірілді», – деп хабарлады Тәйкешев.
Қайғылы жағдайға ескі лифтідегі ақау себеп болды деген болжам бар. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 306 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.