Тірек ауылдағы жаңа медициналық нысан

Бүгін Федоров ауданының Камышин ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылуы өтті. Салтанатты шараға аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов арнайы қатысып, елді мекен тұрғындарына құттықтауын жеткізді.
IMG-20191115-WA0094
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында медтцтналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне басым назар аударған болатын. Енді міне, ауылдық округ орталығы Чистый Шандақ елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Тұрар» ЖШС (бас директоры Қайрат Оспанов, «Беркут» ЖШС (директоры Сергей Бублик), «Луч» ШҚ (басшысы Татьяна Ворнат), «Запасное» ЖШС (директоры Владимир Сухин), «Шандақ» ЖШС (директоры Владимир Крашенинников), «Светлый Жаркөл» ЖШС (директоры Алмат Естаев), «Феникс» ШҚ (басшысы Олжас Жұрқабаев) қатарлы шаруашылықтардың демеушілігімен денсаулық нысаны бой көтеріп отыр.
IMG-20191115-WA0096
– Ғимарат құрылысына 63 миллион теңге жұмсаған «Тұрар» ЖШС директоры Қайрат Оспановқа айрықша алғысымызды білдіреміз. Басқа да шаруашылық басшылары тағы 17 миллион теңгеге демеушілік көрсетіп отыр. Ең бастысы ауылдық округке қарасты елді мекендердің 4 мың тұрғынға сапалы медициналық көмек көрсетпек. Жалпы, биылғы жылы Федоров ауданында атқарылған жұмыс аз емес. Денсаулық сақтау мекемелерін жақсартуға, соның ішінде фельдшерлік-акушерлік пунктерді құрал-жабдықтармен жаңартуға 120 миллион теңге жұмсалды. 140 миллион теңгеге орталық аудандық аурухана ағымдағы жөндеуден өтті. Қолға алар шаруа әлі де баршылық. Ендігі жылы барлық саладағы жұмыс күшін арттырып, қаржыландыру жағын көбейтуді жолға қоямыз. Осы науқандарға кәсіпкерлер де өз үлестерін қосады деп сенемін, – деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
IMG-20191115-WA0101
IMG-20191115-WA0097
Облыс әкімі аталған фельдшерлік-акушерлік пунктке екі компьютер сыйға тартты.
IMG-20191115-WA0104
Бұрынғы ФАП әбден ескірген, салқын. Ал жалпы аумағы 312 шаршы метрді құрайтын жаңа нысанның кіре берісінде тіркеу орны, аптека орналасқан. Әрі қарай дәрігерге дейінгі, емшара кабинеттері, күндізгі стационар, зертхана, ересектер мен балаларды қабылдау, акушер, бөліп-тарату, санитарлық, стерильдеу, егу және жұмысшылар бөлмелері жұмыс істемек. Пункт 4 адамға арналған жатын орындары бар. Ғимаратпен жапсарлас жедел жәрдем көлігін қоятын тұрақ та салыныпты.  
IMG-20191115-WA0076
Айта кетейік, биыл ауданда 1,3 миллиард теңгеге 40 шақырым жол салынған. Пешков ауылына ауыз су тарту аяқталып қалды. Келесі жылы Копыченка, Баннов, Чехов, тағы бірқатар ауылдарға су құбырын жүргізу басталады. Алты ауылға су тазалау-тарату қондырғылары орнататылса, оның екеуі осы Камышин ауылдық округіне қарасты елді мекендер.
IMG-20191115-WA0099
IMG-20191115-WA0072
IMG-20191115-WA0103
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓