Апта ішінде 250 грамнан артық есірткі тәркіленді

Есірткілер «Көкнәр» операциясы барысында тәркіленді. Аталмыш шара мұрындықтары – облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының өкілдері.
Героиннің ірі екі партиясы облыс орталығында және Рудный қаласында әшкереленді. narkotiki
Соңғы тіркелген жағдайда, яғни Рудный қаласында 36 жастағы күдікті азамаша есірткіні денесінде, төсеніш астында, тоңазытқыш артында және тіпті жұмсақ ойыншық ішінде жасырып келген. Бұл бұрындары да істі болған айыптының пәтерін тінту барысында анықталды. Әр қуыстан жиылған героиннің жалпы салмағы 200 грамға жуық болса, кептірілген марихуана 5,09 грамға татыды.
Ал, облыс орталығындағы жайттың «кейіпкері» – 28 жастағы Затобол кентінің тұрғыны. Тәртіп сақшылары азаматшаның көлігін тінту барысында, полиэтиленді орамадағы ұнтақ тәріздес зат табылды. Күдік ізімен, полицейлер әйелдің Затоболдағы баспанасын тінтуге барды. Тәртіп сақшылары үй ішінен де әлгіндегідей ақ ұнтақтың тағы 6 бірдей орамасын тәркіледі. Кейін жүргізілген тергеу-химиялық сараптама қорытындысы 77,84 грамм ұнтақтың героин екенін анықтап берді.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓