Науқас аурухана терезесінен секіріп кетті
Қостанайдағы қалалық аурухананың пациенті дәретхана терезесінен секіріп кетіп мерт болды.
Аурухананың кезекші дәрігері агенттіктің тілшісіне хабарлаған ақпаратқа сүйенсек, оқиға сенбі күні, 6 қаңтарда күндіз болған. Дәрігер сонымен қатар қаза тапқан науқастың алкогольдік интоксикациядан емделіп жатқанын жеткізді.

Облыстық ішкі істер департаменті оқиғаға байланысты әзірге пікір білдірген жоқ.