Ерлан Қарин: “Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерту енгізіледі”

Ерлан Қарин Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен оның Қазақстан дамуына жасайтын ықпалының маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік хатшы видеоны өзінің YouTube арнасында жариялады.
Оның айтуынша, бұл реформалар ауқымды саяси жаңғырудың маңызды бөлігі. Түзетулер қабылданғаннан кейін 20-ға жуық заңды өзгерту қажет.
"Бұл бізге не береді? Жаңа партияларды тіркеу үшін мүшелердің төменгі шегі 20 мыңнан 5 мыңға азаяды. Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге тыйым салынады. Кезеңімен баламалы дауыс беру түрлері кеңейтіледі. Облыстық мәслихат сайлауына аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Аудандық және қалалық мәслихатқа тек бір мандатты депутаттар сайланады. Сот алқаларының қатысуымен қаралатын істердің категориясы кеңейтіледі. БАҚ туралы жаңа заң қабылданады", — деді Ерлан Қарин.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓