Байғабылда түлектер форумы өтті
Байғабыл ауылында мектеп түлектерінің тұңғыш форумы өтті. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Нұржан Өтегенов шараның маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінгі түлектер форумының басты мақсаты – оқушылар мен ауыл жастарының мамандық таңдауына үлес қосу. Еліміздің әр өңірінен келген түрлі мамандық иелерінің жетістіктері оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз. Шараны өткізуге атсалысқан жерлесіміз Жомарт Түбекбайұлына, мектеп ұжымына алғысым шексіз,- деді аудан әкімі. Мұнан соң форум секция жұмыстарымен жалғасты. Модераторлар өздерінің мамандықтары туралы әңгіме өрбітті.
Байғабылдағы форум туралы басқа да ақпараттар туралы кейңнірек хабарлаймыз.