Жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 405 теңге болды, ал жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) – 28 284 теңге болды. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс мөлшері де өзгерді – 28 284 теңге. АЕК-тің артуына байланысты қазақстандықтардың жәрдемақысы қалай өзгеретіні есептелді – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Еgov.kz мәліметі бойынша, баланың тууына байланысты бір реттік төлем (жұмыс істейтін және істемейтін әйелдер үшін) ҚР "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар" туралы 10-заңына сәйкес келесідей болады: – бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК. Осылайша, төлем соммасы 91 390 теңге;
– бесінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК немесе 151 515 теңге. Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша төлемдер (жұмыс істемейтін адамдар үшін):
– бірінші балаға – 5,76 АЕК – 13 852,8 теңге;
– екінші балаға – 6,81 АЕК – 16 378,05 теңге;
– үшінші балаға – 7,85 АЕК – 18 879,25 теңге;
– төртінші және одан кейінгі балаға – 8,90 АЕК – 21 404,5 теңге.
Тұрмысы нашар отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы: 18-ге толмаған әрбір балаға 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге. Мүгедек баланы тәрбилеушіге жәрдемақы – 1,05 ЖТМ – 29 698,2 теңге. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге. ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне – 16 АЕК – 38 480 теңге. ҰОС кезінде қаза (көз жұмған, хабарсыз кеткен) болған жауынгерлердің қайта отбасын құрмаған жесіріне – 4,48 АЕК – 10 775 теңге.
"Алдын алқа", "Күміс алқа" алған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана", сондай-ақ, I және II деңгейдегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға – 6,40 АЕК – 15 392 теңге.
I, II топ мүгедектері – 1,49 АЕК – 3 584 теңге. III топ мүгедектері – 0,64 АЕК – 1 540 теңге.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына; мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерге – 1,07 АЕК – 2 574 теңге. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес тылда еңбек еткен және бұрынғы КСРО-ның еңбек үшін ордендері мен медальдарымен марапатталмағандарға – 2,13 АЕК – 5 123 теңге. Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат, ядролық қару сынақ салдарынан мүгедек болғандар және мүгедектігі ата-анасының радиация алуына қатысты балаларына – 7,55 АЕК – 18 158 теңге. Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат салдарынан қаза болғандар отбасына – 4,59 АЕК (11 039 теңге). 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жоюға қатысқандар және қауіпсіз жерге шығарылғандар, эвакуация кезінде жатырда болған балаларды қосқанда – 2,13 АЕК (5 123 теңге).
Елге ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға – 1,07 АЕК – 2 574 теңге. Әскери қызметін атқару кезінде және бейбіт уақытта көз жұмған әскерилер отбасына – 4,59 АЕК – 11 039 теңге. Ауғанстандағы немесе өзге елдердегі қақтығыс кезінде жарақат, контузия және сырқат салдарынан көз жұмған (хабарсыз кеткен) әскерилер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына – 4,59 МАЕК – 11 039 теңге. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" сыйлығына ие болған тұлғаларға – 138,63 АЕК – 333 406 теңге. Аянбай еңбек еткені және ҰОС кезінде тылдағы мінсіз еңбегі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен марапатталғандарға – 2,13 АЕК – 5 123 теңге
Жәрдемақылардың толық тізімімен электронды үкіметтің сайтында танысуға болады.