120 пәтер кілті табысталды

Рудныйда 26 жылда алғаш рет екі жаңа үй салынды. Бұл жалдамалы тұрғын үй жергілікті әкімдіктің кезегінде тұрған жандарға арналған. Жаңа жыл қарсаңында кезектегілердің алғашқы легіне салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді. патер1Құрылыс және коммуникациялар жүргізу жұмыстарына "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. патер2
Бұл баспанаға тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған өкілдері ғана қол жеткізе алады. Егер деңгейлер бойынша айтар болсақ, олар – зейнеткерлер, жетім балалар (бұл үйден қамкөңілдерге 38 пәтер беріледі), толық емес отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар және көпбалалы жанұялар.
Рудныйлықтарға жаңа пәтер кілттерін тапсырған облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың сөзінше, кеншілер қаласын дамытуға бүгіндері қаражат көп бөлініп жатыр. Бұл екі үйдің құрылысының сыртында биыл ескі баспаналардың қасбеттерін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Оған жекеменшік инвестиция есебінен 70 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Ал 2018 жылы қала саябағына диаметрі 40 метрлік алып дөңгелек әткеншек орнатылады. патерТолық материалды газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓