60 келі есірткі тәркіленді
Қостанай облысында есірткі заттарын таратқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі қолға түсті.
«Күдіктілердің бірі Тараз қаласында ұсталды. Сол күні қылмыстық топ мүшелерінен 59 кг марихуана тәркіленді. Қазір ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Іс деректеріне сәйкес, 2017 жылдың наурыз айында полицияға Қостанай облысының аумағында есірткі құралдарын таратып жүрген адамдар туралы ақпарат келіп түсті. Қылмыстық топтың мүшелерінің алтауы 19-38 жас аралығында. Олар – Қостанай облысының тұрғындары. Тәртіп сақшылары күдіктілердің іс-қимыл схемасын жасалған. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.