Балаларға арналған орталық ашылды

Қаламызда "AisaFi" балалар ойын-сауық орталығы ашылды. Орталықты жас кәсіпкер Әділбек Беркімбаев ашып, кәсіпкерлік саланы дамытуға үлес қосуда. Бұл жерде балаларға қажеттінің бәрі бар. Балалар күні бойы ойнап, тамақтана алады. Ойын алаңы, ана мен балаға арналған бөлме де жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі балғындар тегін, ал көпбалалы отбасылар жарты бағасын төлеп демалады. Кәсіпкер еліміздің басқа өңірлерінде бірнеше жобаны жүзеге асырып, туған жеріне оралып, серіктестерімен бірлесіп балалар орталығына 300 млн. теңге инвестиция құйған. Қазіргі заманғы балалар орталығында 17 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгін қала әкімі Марат Жүндібаев жаңа нысанда болып, танысып қайтты.
Орталық Абай даңғылындағы "Жаңа қала" жаңа ғимаратында орналасқан.
Суреттерді түсірген Б.Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓