Сарыкөлдің сыртқы көшелеріне су тартылуда

"Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Сарыкөл ауданында былтырғы жылдың көктемінен басталған жұмыстар белсенді түрде жүзеге асуда.
Бұдан былай Сарыкөлдің сыртқы көшелерінде тұратын тұрғындар орталықтандырылған жерасты су нысаны қызметі бойынша тіршілік көзімен қамтамасыз етілмек. Бүгінде қызуқанды жүріп жатқан бұл ілкімді істермен  "Ерлан компаниясы" ЖШС мен "Ұлан" МКК айналысуда.
Бұл екі ұйымның ұйымшылдықпен атқарып жатқан жұмыстарының басы-қасында жүрген аудандық сәулет, құрылыс және тау-кен бөлімінің басшысы Меңдібек Исмагуловтың айтуынша, қазіргі уақытта су жүргізу мен магистралдық жұмыстар жалпы 48 шақырымды қамтыған. Ал 2013 жылы осындай жұмыстар  16 шақырымды құраған. Екі жылды салыстырып қарайтын болсақ, осы жазда атқарылған жұмыстар  екі есеге көбейген.  Яғни, оған  өткен жылы мемлекеттік бюджеттен 500 млн. теңге бөлінсе,  биыл  900 млн. теңге қарастырылды. 
Сондай-ақ,  Сарыкөл кентінде алдағы уақытта екі заманауи жерасты су нысаны пайда болады. Оған қоса, Ленин көшесінің соңында жаңа насос бекеті салынды. Құрылғы  ауданның элеваторы мен темір жол бекетіне су жіберіп тұрмақ.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓