Жанның жеңісі

Жерлесіміз, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта сұлатты. кособуцкийЖекпе-жек Мәскеу қаласындағы «Крылья Советов» спорт кешенінде өтті. Отандасымыз Кособуцкий осыған дейін  17 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен украиналық Алекснадр Нестеренконың жеңіліс санын жеңісімен теңестірді. Ол осыған дейін 8 рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.
Айта кетейік, Кособуцкий кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін қараша айында беларусь боксшысы Олег Заблотскийге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓