Ерлік эстафетасы жалғасын тапты

Салтанатты рәсімге қатысқан қонақтар
Халық батыры атындағы аудан халқы 15 күн бойы "Қостанай облысының Әскери Даңқ" кітабымен жан-жақты танысып, игі әсер, рухани ләззат алды. Бұрынғы біртұтас Кеңестер Одағы халқының Жеңіске қалай жеткенін білді. Жауынгерлердің – қан майдандағы, елдегілердің – тылдағы ерен еңбектері кітаппен танысқан әркімнің жүрегінен орын алғаны анық. Кітапты таныс-тыру А.Иманов мемориалдық мұражайында кең көлемде жүргізілді. Сонымен қатар, аманкелділіктер Әкери Даңқ кітабына Батыр елі халқының ерліктері мен ел есінен шықпас еңбектерін жазды.
2014 жылдың 11 тамызы күні облысымыздың Әскери Даңқ кітабының эстафетасын Жанкелдин ауданына тапсыруға арналған салтанатты рәсім өткізілді. Оған ауданда тұратын екі соғыс ардагерінің бірі 89 жасқа иек артқан Ертай Мұқанұлы ақсақал мен тыл ардагерлері және жас ұрпақ өкілдері қатысты.
Іс-шара әуелі "Шұғыла" жастар демалыс орталығының алаңындағы Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Жинал-ған жұртшылық соғыста құрбан болған ерлер рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Ерлікті ұлықтау мұнан соң Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде жал-ғасты. Іс-шараға Аманкелді ауданы жұртшылығымен қатар, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Серікұлы және ішкі саясат бөлімінің басшысы Алма Сапарқызы бастаған арнайы делегация қатысты.

89 жастағы соғыс және еңбек ардагері Ертай Мұқанұлы
Мұнан соң сөз кезегі Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Серікұлына берілді.
– Біз, жанкелдиндіктер облысымыздың Әскери Даңқ кітабын зор құрметпен қабылдап аламыз. Бұл кітапты аудан халқына кеңінен таныстырамыз. Сонымен қатар, біздің аудан халқының да майдан мен тылда көрсеткен ерліктерін жазамыз. Аға ұрпақ істері үнемі жаңғыртылып отырылуы керек. Өйткені ұрпақтар ауысады. Сол кезде олардың арасындағы сабақтастық үзіліп қалмауы керек. Тарихты білу – бәріміздің парызымыз! – деді ол.

Облыстың Әскери Даңқ кітабын жанкелдиндіктерге тапсырып тұрған сәт
Мұнан соң рәсімге арнайы келіп қатысқан облыс әкімдігі мұрағат және құжаттар басқармасының басшысы Г.Мендекинова, облыстық әкімдік ішкі саясат басқармасының бас маманы Ж.Қожахметовалар сөз алып, салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтады.
Салтанатты рәсім кезінде ауданның өнер шеберлері ерлік пен елдікті жырмен өріп, әнмен әдіптеді. Соғыс кезіндегі және одан кейінгі кезеңдерде туған патриоттық әндер рәсімге қатыс-қан көпшіліктің жүрегінен жол тапты.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.
Суреттерді түсірген автор.
Салтанатты рәсімге қатысқан қонақтар
89 жастағы соғыс және еңбек ардагері Ертай Мұқанұлы
Облыстың Әскери Даңқ кітабын жанкелдиндіктерге тапсырып тұрған сәт